Ұзақ жылдар бойы қол жеткен дүние. Ұстаздар университеті енді Өзбекәлі Жәнібековтің есімімен аталатын болды. Бүгін білім күнінде білім ордасы студенттерін құттықтап, жаңа оқу жылына зор қуанышпен қадам басты.

Жаңа өмірге қадам басып, студент атанған Аружан Мұхамеджанқызының қуанышы қойнына сыймай тұр. Бұл университетті кездейсоқ таңдамаған. Ұстаз боламын деп арнайы келіпті.

 Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті 90 жылға жуық ұстаздарды тәрбиелеп шығарды. Оңтүстік аймақтардағы  2,5 мыңнан аса мұғалім осы білім ордасының түлегі. Алдағы уақытта осы жұмысты жалғастыра бермек. Студенттер үйін ашты, корпусын кеңейтті. Бәрі де студенттер үшін.

Педагогикалық университетте 7000 студент білім алса, оның жартысына жуығы жатақханамен қамтылған. 5 студенттер үйі бар. 3 оқу корпусында сабақтар өткізіледі. «Жаңа форматтағы ұстаз» дайындайтын ордадағы мұғалімдердің 50 пайызында ғылыми атақ бар.