Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында  № 129 жалпы білім беру мектебінде кіші футболдан және баскетболдан турнир болып өтті. Турнирге Әл-Фараби ауданына қарасты  5 мектеп қатысып,  өзара бақ сынасты.  

 Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен алғаш рет өтіп жатқан  «Аула клубтары» спорттық жарысы аясында 50-ге жуық жас спортшылар қатысып мектептерінің намысын қорғауда. Екі спорт түрінен ұйымдастырылған спорттық сайысқа қатысушылардың бірі №18 Ш.Уәлиханов атындағы мектептің 10 сынып оқушысы Ерасыл Пердебек. Мектеп ішінен құрылған команда мүшесі,тартысқа толы сайыстан жеңіспен оралатындарына сенімді.

Шараның басты мақсаты: спорт түрлерін жастар арасында насихаттау,салауатты өмір салтын қалыптастыру.Шарада үздіктер қатарынанкөрінеген  команда арнайы жүлделі сыйлықтар мен қатар алғыс хаттармен марапатталмақ.

Айта кетейік, «Аула клубтары» спорттық жарысына Шымкент қаласының аудандарынан 50 өтінім түсіп,ережеге сәйкес іріктеу кезеңіне 500 жас қатысуда.Екі спорт түрінен жеңіске жеткен 2 команда қалалық лига сайысына  жолдама алмақ.