Таэквандодан Ерпопа чемпионы атанған Омар Дәлетбайұлы елге оралды. Солтүстік Кипрде өткен байрақты бәсекеде ел намысын қорғап, Қазақстанға тағы бір Алтын Медаль алып келді. Чемпионды әуежайда туған-туыстарымен жанкүйерлер сән-салтанымен күтіп алды.

 Бұл жас спортшылар Омар Дәулетбайұлының шәкірттері. Бұған дейін талай бәсекеде топ жарған азамат шәкіәрт тәрбиелеп жүрген жайы бар. Кезекті жеңісін қазақ елінің жетістігіне балаған ол жарысты кездескен қиындықтарымен бөлісті.

Болар елдің балдары бірін-бірі батыр дер! Осынау қағиданы берік ұстанған жерлестері чемпионға арнайы сый-сыяпат табыстап, сәттілік тілеп жатты.

Омар Дәулетбайұлының жасы 25-те. Европа чемпионы 2021 жылы Евразия чемпионатында Алтын междал тағынған болатын 2022 жылы Болгариядағы Әлем чемпионатында да топ жарған. Кезекті жарыс оның спорттық мансаптағы соңғы сайысы болмақ.

Қазір жас чемпионның 50-ге тарта шәкірті бар. Олар ел ішілік бәсекелерде топ жарып, өз деңгейлерінде еңбек етіп жүр. Тағы 3 шәкірті Азия чемпионаттарында топ жарып, ел намысы қорғаған. Омар Дәулетбайұлы алдағы уақытта осындай белсенді жастарды тәрбиелеуге күш сала бермек.