Биыл Түркістан облысы ардагерлер кеңесі жанындағы әжелер алқасының құрылғанына 10 жыл толып отыр.Осыған орай Түлкібас ауданында ерекше шара болып өтті. Мерекелік жиында ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртатын көрмелер қойылып, ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүр көрсетілді. Салтанатты шараға жиынлғандар кешті бабалар рухына тағзым етуден бастады.

Он жылдыққа жиналған әжелер мен аға буын өкілдері алдымен көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың ескерткішіне гүл қойып, бабалар рухына тағзым жасады. Түлкібас ауданы ардагерлер кеңесі жанынан құрылған Домалақ ана әжелер алқасының төрайымы Гүлбибі Ешенқұлова кешке жиналған көпшілікті өздері атқанған жұмыс барысымен таныстырды.Онда ұрпақ тәрбиесіне қатысты өткізілген мыңдаған шаралар мен жүздеген жиындар, ұлттық бұйымдар мен әжелердің мақалары мен даналық сөздері жазылған құжаттар қаттаулы тұр.Жұрт аядай ғана бөлмедегі ауқымды шараның куәсі болды.

Салтанатты кеш мәденет үйіндегі ұлттық құндылығымызды жаңғыртатын көрмемен басталды. Онда әжелер алқасы құрамындағы ақ жаулықты әжелердің өздері қолдарымен жасаған қазақтың түрлі қол-өнер бұйымдары ши тоқудан бастап, жүн иіріп киіз басу, ұлттық қолөнердің сан түрі насихатталды. Осылайша ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлер жаңғырды.

 Қазақ қоғамында бала тәрбиесіндегі әженің рөлі ерекше. Мәдениет пен әдет-ғұрыпты жастардың бойына сіңіріп, оларға салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды үйретіп, үлгілі өнеге көрсететін де осы ақ самайлы әжелеріміз. «Жан жүрегім жарығым»деп немересін жүрегіне теңейтін жандарға қандай құрмет көрсетсек те лайықты. Қоғамдық өмірге белсене араласып, ұрпақ тәрбиелеуде үлгі болып жүрген ақжаулықты әжелеріміз аудан әкімі мен мәслихаттың,ардагерлер кеңесінің арнайы алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Мерекеге Түркістан облыстық әжелер алқасының төрайымы Фатима Тілеубердиева арнайы қатысып, түркібасылықтарға жылы лебізін жеткізді. «Әжелер алқасының» осы сәтке дейінгі атқарып келе жатқан жұмыстарын оң бағалап, айтулы мерекемен құттықтады.

Фатима  Тілеубердиева,Түркістан облыстық әжелер алқасының төрайымы

Кеш барысында тарихтан сыр шертеттін, ұлттық құндылықты дәріптеп,бала тәрбиесінде ерекше мәнге ие театрландырылған көрініс көрсетіліп, ардагерлер хоры көпшілікке әнін тарту етті.