«Бұл дәуір – ақыл-ойдың, ғылым мен білімнің, еңбектің дәуірі. Осы үшеуі салтанат құрған жерде ғана өсу бар. Даму бар». Бұл мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлының кемелді сөзі. Президент тапсырмасын орындау мақсатында жауапты ведомство «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық жобасын әзірледі. Қазір осы бағдарлама жер-жерде қызу талқыланып, ұсыныс-пікірлер жиналуда. Еліміздегі іргелі білім ордасы М. Әуезов атындағы ОҚУ ректоры Дария Қожамжарова да аталмыш баяндамаға орамды ойын білдірді. Тарих ғылымдарының докторымен Гүлсанат Қалмырзақызы тілдесіп келді.
Осыдан біере жыл бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық жобалардың тізбесін бекіту туралы жарлыққа қол қойды. 10 нақты Ұлттық жоба анықталды. Соның бірі – 2021-2025 жылдарға арналған «Баршаға қолжетімді сапалы білім» деп аталады. Бағыты айқын бағдарламаның басты мақсаты - зияткерлік әлеуетті дамыту. Қазақ тілін дамытуға жағдай жасау және жастарға жаңа мүмкіндіктер жасау. Бұл ретте Әуезов университетінде тындырымды тірліктер атқарып жатыр.
Жоба 4 бөлімнен тұрады: 1. Балабақша – өсіп жетілудің жайлы мекені. 2. Әр мектеп – үздік мектеп. 3. ТжКБ - жұмысшы кадрларды дайындау ордасы. 4. Жоғары білім және жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Қазір мектептегі сияқты, жоғары оқу орындарының алдында жайлы, қауіпсіз және заманауи білім беру ортасын қалыптастыру міндеті тұр. Алайда, студенттер университет қабырғасына келгенде өз мақсатын айқындап, ғылым жолында оқып-жетілуге дайын болып келуі керек. Өкінішке орай бұл олай болмай тұр. Оның себебі неде?
Халықаралық аренадағы курсэро бағдарламасы да шәкірттер үшін қолжетімді бола түсті. Айталық биыл білім ордасының екі бірдей студенті бірі 24, екіншісі 11 сертификат ұтып алған. Бұл ғылымға бет бұрған жастарға үлкен мүмкіндік.
Ғылым мен білімде шекара болмауы тиіс, дейді тарих ғылымдарының докторы. Университет басшылығы жұмыс берушілермен бірлесе отырып, 300-ден астам жаңа білім бағдарламаларын жасады. Соның 37 –сі дуалды білім беру болса, 42-сі инклюзивті – инновацияға бағытталған. Күні кеше ғана Тәжікстаннан 19 бала академиялық мобильдік бойынша оқуға келді. Ал, жақын күндері білімді трансформациялау мақсатында Өзбекстанның Шыршық қаласында Әуезов университетінің тәуелсіз оқу филиалы ашылмақшы.