Шымкентте ақпарат саласындағы аға буын өкілдері мен жастары бас біріктірді. БАҚ өкілдері өз-ара тәжірибе алмасты. "Бүгінгі медиа: Біліктілік және қоғаммен байланыс" атты семинарды тілші әңгімелейді.

Семинар-тренинге тіс қаққан сақа тілшілерден бастап   журналистикаға жаңадан қадам басқан жастарда келді. Басты мақсат ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып ортақ ой түйіндеу. Жиында алғы сөз алған Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Бексұлтан ӘділхановБАҚ өкілдеріне сәттілік тіледі.

Бұл жолғы спикер елімізге белгілі блогер Данияр Алан болды. Ол өз тәжірбиесімен бөлісіп медияның тарихына тоқталды.  Ақпарат тарату ісі біздің дәуірімізге дейін басталғанын ғылыми дәлілдемелермен жеткізді. Аға буын журналистер саланың кешегі мен бүгініне тоқталды. Технология дамыған қазіргі уақытта БАҚ тың ілгерілегенін әңгімеге арқау етті. Десекте кемшін түсіп жатқан жақтарды да ескертті.

3 күнге жоспарланған семинарда түрлі тақырыптар қозғалатын болады. Журналистикадаға тіл тазалығы, қоғаммен байланыс , мониторинг жасау секелді тақырыптар кеңінен талқыланатын болады. Мұндай жиынның әсіресе жас буынға берері мол -дейді ұйымдастырушылар.