17-қараша дүниежүзілік шала туылған нәрестелер күні. Осыған орай қалалық перзентханада жаңа босанған аналарға құрмет көрсетілді. Мамандар сәбиін мерзімінен бұрын босанған жас аналарға дәріс оқыды. Нәремтенің күтімі жайында ақпарат берді.

 Шала туылған нәрестелер күні біздің елімізде 2009 жылдан бері аталып өтіп келеді. Мамандардың айтуынша түрлі инфекция мен жоспарсыз жүктілік салдарынан шала туылатын сәбилердің күтімі де ерекше болмағы лазым.

Қарлығаш Жұбанова, дәрігер-неанатолог, медицина ғылыдарының докторы
- Бұл нәрестелер мерзімінен бұрын туылса да өмірге құштар. Біз ғалымдармен бірлескен жобаларда осындай ерте туылған әрі салмағы аз сәбилерді аяқтан нық тұрғызу тетіктерін зерттеген болатынбыз. Бұл балаларға ең алдымен ананың сүті мен мейірімі қажет. Баланы дүниеге алып келу басқа оны күтіп-бағу үлкен жұмыс. Сондықтан осы сәбилермен жұмыс істейтін аналарға дакөпжауапкершілік артылып отыр.

Қалалық перзентханада күніне 30-ға тарта сәби дүниеге келеді. Соның 5 пайызы шала туылып жатады. Мамандар мерзімінен бұрын туылған нәрестелерге асқан төзімділік пен күтім қажет,-дейді. Өйткені олардың аяқтан тұруы оларға жасалатын күтімге тікелей байланысты.

Шахризада Серікқызы – 27 жаста. Қалалық перзентханада ол екінші сәбиін дүниеге алып келді. 35 аптасында потологиялық жағдаймен мерзімінен бұрын босанып қойған. Алғашында дем алып, өздігінен еме алмайтын сәбиінің қазір жағдайы жақсара түскен. Жас ана баласының денсаулығына өзімен бірдей алаңдаған дәрігерлерге алғысын айтып отыр.

Жыл сайын әлемде 15 миллион сәби 40 апта мерзімінен бұрын дүниеге келеді. Оның 22 мыңы қазақстандық. Бұл ел аумағында туылаптын нәрестелердің 50 пайызын құрайды. Олардың 70-80 пайызы тез бейімделіп, қалыпты жағдайға 2-3 күннің ішінде жетіп отырады.