Дүниежүзілік   психикалық  денсаулық  күніне  орай  «Оңтүстік  Қазақстан  Медицина  Академиясы»   студенттері  арасында жарыс өтті. Оған 6 адамнан құралған 4 команда қатысып, спорттың 7 түрінен сынға түсті. Сайысқа шет елден білім алуға келген студенттерде атсалысып, салауатты өмір салтын насихаттауда белсенділік танытты.   

 Психикалық аурудың алдын алуда салауатты өмір салтын сақтау маңызды. Сондай-ақ, дұрыс ойлау, позитивті көңіл күйде болу  адам ағзасын ауырсынудан құтқарады. Бұл ретте, өзі қалаған іспен айналысудың да пайдасы ұшан теңіз. Психикалық және физикалық тепе-теңдіктегі жан стресс, депрессиядан аулақ болады.

Салауатты өмір салты қағидаларын насихаттап, дене белсенділігін арттыру мақсатында өткізілген сайыста болашақ дәрігерлер «Бәйге», «Асық  ату», қаппен секіру, теңге алу, жекпе – жек,  күрес, арқан тартыстан сынға түсті. Бұл ретте, шет елден білім алуға келген студенттерде бір кісідей атсалысып, салауатты өмір салтын насихаттауда белсенділік танытты.  Сондай ақ, шара барысында  Шымкент қалалық психикалық денсаулық орталығының психиатр-наркологы психикалық   денсаулықты   сақтау туралы кеңестерімен бөлісті.

Мамандар кейінгі уақытта психикалық аурулардың белең алғанын айтады. Адамдар мұндай дертке түрлі себеппен шалдығуы мүмкін. Бірақ оның алдын алуға және салдарымен күресуге болады. Алайда, өз ауруын мойындамай, психологқа немесе мамандырылған медициналық ұйымдардың көмегіне жүгінбеуі дерттің өршуіне әкеліп соғуда екен. Бүгінде Шымкенттің өзінде 12 мыңнан астам адам психикалық ауытқуы бар деген негізбен  есепке алынған.