«AMANAT» партиясы қолға алған «Құқықтық көмек» жобасы нәтежиесін беріп келеді. Қазір саяси ұйымның бастамасына иек артушылар көбейген.
Әр аптаның бейсенбісінде өтетін қоғамдық қабылдауға 270-тей азамат заңгерлік көмек сұраған. 42 өтініш қанағаттандырылып, қалғанына заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Қала тұрғындары көп жағдайда алаяқтық, несие, ажырасу, алимент өндіру және полиция департаменті қызметкерлерінің әрекетсіздігіне шағым білдірген. Оларға сала мамандары, заң қызметкерлері тиісті көмек көрсетіп келеді. Айтып өтейік, әр аптаның бейсенбісінде «Құқықтық көмек» жобасы аясында қоғамдық қабылдау өтеді. Қандай да бір заңсыз әрекетке тап болсаңыз, "AMANAT" партиясына жүгінуге сіз де құқылысыз.