Шымкентте кимешек тігетін келіншек тұрады. Арнамыздың түсірілім тобы ҚР Президентінің еңбек адамын қолдау мен насихаттауға қатысты үндеуіне байланысты жұмыс атқарып жатыр. Сондықтан, «Еңбек адамы» жобасы қолға алынған болатын.


Ақмарал ханым ұлттық нақыштағы киімді ұлықтауды миссиясы деп біледі. Айтуынша, адам қартайған сайын шашы түсіп, басы кішірейіп кетеді. Кимешекті әркімнің бас сүйек өлшеміне қарай тігіп жатады. Қысқасы, шашы қалыңға да, тазға да жараса кететін бас киімді тек өзінен іздеу керегін айтады.

«Кимешек тағатын әжелер азайып кетті» дейді Дина апа. Өзі шашы ағара бастағаннан орамалдан осы бас киім түріне көшкен. Қазақы үлгідегі киім – ананың асқан даналығы мен кербездігі, сәнділігі мен салтанатын көрсетеді екен. Айтуынша, кимешек кез-келген келіншекке жараса кетеді.

Ақмарал ханым 13 жасынан бері тігіншілікпен айналысады. Нақты кимешек пішуге келуіне бір келіншек себеп болған көрінеді. «Орамал тартқымыз келеді, бірақ, нарықта қазақы бас киімдер таппаймыз» деген көрінеді. Намысқа тырысқан әйел дереу осы кәсіпті бастап кеткен. Қазір қыздарға арнап тақия мен кестелеп шапан мен өзге ұлттық нақыштағы киім-кешек жасап, нарыққа шығарып жүр.