Шымкентте «Qaz Science: жас ғалымдар слеті» өтіп жатыр. Ғылыми шараға Ұлттық ғылым академиясының бастамасымен ұйымдастырылған ғылыми шараға   Басқарма президенті Күнсұлу Закарья қатысты. Алқалы мәжілісте ғылыми әлеуетті дамытьуға бағытталған өзекті проблемалар көтеріліп, олардың шешу жолдары қарастырылды.

Қазақстан – әлемдегі ең жас мемлекеттің бірі. Еліміздегі азаматтардың орташа жасы – 32 жасты құрайды. Тұрғындардың үштен бірі – жастар, бұл ресми статистика. Қазақстан ғылымға негізделген, инновациялық технологиясы дамыған ел болуы жолында – жастардың орны ерекше», – жиында сөз алған Ұлттық ғылым академиясының Басқарма Президенті Күнсұлу Дальтонқызы.

Миллионды шаһарда жас ғалымдар аз емес. Олар еліміздің оқу-ағарту саласының дамуына тың серпін беріп жүр. Жиында сөз алған Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Бахтияр Өнербаев осы бағыттағы жұмыстар жөнінде ақпарат бере кетті.

Бүгінде Асқар Жұмаділдаевты білмейтін қазақ жоқ. 1000 жылда бір туатын дара, қайталанбайтын тұлға. Күнге күйіп, құмның арасында ойнап жүрген баладан «әйгілі математик» шығады деп кім ойлаған. Бүгінгі жиында Асекең көсіле, шешіле сөйледі.

Талантты әрі жас ғалымдарды ғылыми ортаға тарту - Мемлекет басшысының тапсырмасы. Бұл іске шағын және орта бизнес өкілдерінің әлеуетін жұмылдыру да көзделген. Ал елдегі алпауыт компания -  «Саутс Ойл» серіктестігінің басшылығы инновация игіліктерін игеруде  қыруар тірлік атқарып отыр.

Ұлттық ғылым академиясының жанынан ғылымның басым бағыттары бойынша Жас ғалымдардың жұмыс тобы құрылған. Оның құрамына 1000-нан аса өтінімдер, түйіндемелер қаралып, оның  ең үздік, беделді 500 жас ғалымы мүшелікке енді. Арнайы бұйрықпен бекітілді. Бүгінгі форумда көтерілген мәселелер өте өзекті, орынды. Оларды шешудің тиімді жолдары өз нәтижесін беретіні сөзсіз. Тек ғылыми-зерттеу жұмыстарын дер кезінде коммерцияландыру ісі тиімді жүзеге асуы тиіс.


Г. Қалмырзақызы