Кәсіпкерлерді тексеруге жарияланған мораторий күшін жояды. Енді кәсібін екрін жүргізіп келген бизнес егелері бұл жеңілдіктен айырылады. Жаңа жылдан бастап тексерістер қайта жанданады. Алайда кәсіпкерлерді бірден жаппай тексеру болмайды. 2024 жылы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесін автоматтандыру жүзеге асырылады, соның нәтижесінде бизнесті жоспарлы тексеру екі есеге азайып, құқық қорғау органдарының назары тек проблемалы субъектілерге аударылады.
Осыдан үш жыл бұрын Президент енгізген шағын және орта бизнесті тексеруге жарияланған мораторий бизнеске көмегін тигізген. Кәсіпкерлердің әлеуметтік-экономикалық проблемалардан туындайтын шығыны азайған. 2024 жылы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесін автоматтандыру жүзеге асырылады. Мұндай автоматтандырылған әдіс тексеруді адамның қатысуынсыз бастауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде бизнесті жоспарлы тексеру 2 есеге азаймақ.
Қал қалалық прокуратура өкілдері кәсіпкерлік нысандарға тексеруге моратория жарияланғаннан бастап түрлі заң бұзушылықтар орын алғанын айтады. Заңсыздыққа жол бергендер жауапқа тарлыған.
Жыл басынан кәсіпкерлерді бақылау-қадағалау органдары тарапынан заңсыз тексеру фактісі тіркелмеген. Осы аралықта жекеменшік кәсіпкерлік суъбъектілеріне қатысты 1 053 тексеру тіркелген, оның 59-ы талапқа сай.
Жаңа жылдан бастап кәсіпкерлер кез келген уақытта тексеру болатынын ескеруі тиіс. Бизнес егелері барлық талаптарды сақтап, бизнес жобаларының заң талабына сай жүруін қамтамасыз етуі маңызды.