Мемлекет басшысы «Заң және Тәртіп» қағидаты қоғамның саяси нұсқаулығына айналуы қажет,-деді. Бұл жаңа қоғамдық келісімнің іргетасында тұрған маңызды постулат. Барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігінің конституциялық қағидаты сақталмаған жерде әділетті мемлекет құру мүмкін емес. Шымкенттік ардагерлердің пікірі қандай?
Заңды сақтау – әділеттіліктің негізі. Сонымен бірге әділетті қоғамда заң – теңдік пен тәртіптің кепілі. Құқықтық мемлекеттегі әділеттілік заңмен реттелген барлық әлеуметтік қатынастардың ортақ белгісі болады. Бұл ретте заңның сақталуы жауапкершілікті қабылдауды да білдіреді,-дейді ардагерлер.
Еліміз үшін ең басты мақсат – халқымыздың әл-ауқатының артуы. Экономикалық жетістікті әр отан¬да¬сымыз сезінуге тиіс. Оған қол жеткізу үшін үздіксіз дамып, үнемі өрлеп, өркендеуіміз қажет.
Азаматтар жанжалдарды заңға сүйене отырып, құқықтық әдістермен шешуді жөн көреді. Мұндай жағдайды қоғамның құқықтық мәдениетінің өсуі деп түсінуге болады. Бұл – мемлекет пен қоғамның дамуының оң көрсеткіші.