Ең әдемі киім – ұлттық киім. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де еш халықтан кем емес. Оның көркем үлгілері әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алған. Ұлттық киімдер насихатталған тағы бір шара Шымкенттегі Пушкин атындағы кітапханада болып өтті.  «Ұлттық өнер-өміршең қазына» деп аталған жобаның жай-жапсарын тілшіміз баяндап берсін.
 Гүлнәз Насыр  Қастеев атындағы көркемсурет колледжінің студенті. Мамандығы дизайнер. Болашақ жас маман ұлттық киімдердің тігілу әдісін үйреніп жүр. Бұрымдыға үстіндегі қазақы нақышпен тігілген ұлттық киім құйып қойғандай жарасады.
 Ұлт мәдениетінде бағалы киімдер сый-сияпат, дипломатиялық қатынастарда ескерткіш белгі ретінде жүрген. Ат, шапан сыйлау құрметтеудің көрінісі саналады. Қазіргі той-жиын мен құдалықта сыйлы жекжаттың иығына жабылатын шапан да ұлттық дәстүрді дәріптеуге жатады. Ал, бүгінгі шара «Адал азамат» жобасын қолдаудың бір парасы.
 «Заттың құны жылтырында емес, сапасында» дейді мамандар. Ұлттық киімді насихаттап, ата дәстүрді дәріптеп жүрген кәсіпкер Ақмарал Батырова жиында сөз алып, адал еңбекпен табысқа қалай жету керектігін айтты.
 Қазақ ұлттық киім¬дері тек табиғи таза материалдардан: аң терілерінен, жүннен, киізден, был¬ға¬ры¬дан және матадан тігілген. Жал¬пы¬-сын¬да, қазақ халқының қолөнері − көне заман¬мен бірге дамып, біте қай¬на-сып келе жатқан бай қазына. Оның басты са¬ла¬ларының бірі – киім тігу. Қазақ халқының ұлттық киімдері қол¬өнер¬дің озық үлгісі ретінде ғана емес, дала жағдайына ыңғай¬ланған сан алуан әше¬кей¬лерімен, ою-өрнектерімен ерекшеленеді.