Қазақстандықтарға ай сайын 208 мыңнан 519 мың теңгеге дейін жаңа төлем төленбек. Бұл арнаулы әлеуметтік төлемді енді елімізде тұрақты тұратын шетелдіктер де ала алады.
Биылғы 1 қаңтардан бастап, арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді, ол зиянды жұмыстарда істейтін немесе істеген адамдарға екі критерий бойынша төленеді. Біріншіден, 55 жасқа толуы керек. Екіншіден, жұмыс берушісі оған жалпы жиынтығында кемінде 84 ай, яғни 7 жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуға тиіс. Алайда мұндай жағдайда қауіпті жұмыстарда істеген, бірақ жиынтығында 84 ай зейнетақы аудару фактісі жоқ жұмыскерлер аталған төлемнен қағылып отыр. Олардың зиянды жұмыстардағы жалпы өтілі кемінде 12 жарым жылды құрайды. Жұмыс өтілі олардың еңбек кітапшасымен расталады.