Жер бетінде 70 миллион адам созылмалы жүрек ауруымен ауырады. Бұл тек тіркелгені. Өз бетінше ем алып, медициналық көмекке жүгінбей жүргендер қаншама. Қазір дерттің осы түрі жастар арасында өршіген. Пандемиялық дерттің алдын алу бойынша Шымкенттегі Жүрек орталығында халықаралық конференция өтті.

Алқалы жиынға алыс-жақын шет елдерден арнайы кордиолог мамандар шақыртылған. Олар созылмалы жүрек ауруларының алдын алу, тиімді ем-дом тақырыптарында пікір алмасты. Соңғы технологияларды пайдалана отырып, науқасқа оң ықпал ету бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Ионин Валерий – И.Павлов атындағы Бірінші Санкт-Петербург мемлекеттік медицина университетінің факультет терапиясы кафедрасының доценті
- Мен Ресейден келіп отырмын. Шақырту алғаныма қуаныштымын. Бұл ең алдымен Шымкент қаласының дәрігерлері науқастардың болашағы үшін алаңдайтынын аңғартады. Қазір соңғы медициналық тәсілдер бойынша пікір білдірдік. Мамандарға өз тәжірибелерімізбен бөлісеміз. Науқастармен жеке кездесіп, жағдайын білмек ниеттеміз.

Қазір Қазақстандағы жағдай да мәз емес. Созылмалы жүрек ауруына шалдыққан науқастың әр 5-шісі 5 жылға жетпе    й көз жұмады. Ай сайын аурухана төсегіне тәуелділер де көбейген. Қазір 2021 жылы қолға алынған Жол картасы негізінде кабинеттер тұрақты жұмыс істеп тұр.

Конференцияда эхокардиографиялық зерттеу жасаудың соңғы тәсілдері көрсетілді. Жергілікті мамандарға осы бағытта арнайы дәріс өткізілді. Аймақтық шараға қатысқан 70 маманның барлығы дерлік созылмалы жүрек ауруына қатысты кез-келген қиын жағдайға сақадай сай болуы терең түсіндірілді.