Әуезді ән, әсерлі қойылым, көтеріңкі көңіл-күй. «Шымқала кештері» бұл жолы жаңадан ашылған Жапон саябағында жалғасты. Ашық аспан астында өткен мәдени кешке жиналған тұрғындар өнердің бірнеше жанрын бір алаңда тамашалады.
Мерекелік бағдарлама көрерменді бір сәтке де бейжай қалдырмады. Сахна төрінде цирк әртістері мен акробаттар шеберліктерін көрсетіп, әсерлі қойылымдар ұсынды. Қауіпті де күрделі қимылдар мен ерекше сахналық нөмірлер көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Әсіресе балалар әр өнер көрсетілімін таңданыспен тамашалады.
Сондай-ақ, оркестр әртістерінің орындауындағы жанды музыка саябақтың атмосферасын әуезге бөледі. Кеш бойы шырқалған әсем әуендер тұрғындардың көңіл-күйін көтеріп, мәдени кештің ажарын аша түсті.
СҰЛТАНХАН АМАНОВ, «ШЫМКЕНТ ЦИРК» МКҚК ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бүгін көрермендерге оркестр әртістері мен цирк қызметкерлері екі сағаттық қойылым дайындап әкелдік.Бір жағынан цирк жұмысын насихаттап жатырмыз.Халықтың көңіл-күйі көтеріңкі.