Инфрақұрылымдық жобалар мен тұрғындар ұсыныстары талқыланды. Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Отырар секторы тұрғындарымен ашық форматта кездесу өткізді. Кездесу барысында  секторда атқарылған жұмыстар, жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар және алдағы жоспарлар таныстырылып,  тұрғындардың ұсыныстары мен өзекті мәселелері тыңдалды.

Қоғамдық кеңістіктерді дамыту шеңберінде Жаңа қалада Билер аллеясы ашылып, Саттарханов даңғылы бойындағы аспалы көпір асты абаттандырылған.  Сонымен  қатар тұрғын үйлердің қасбеттері жаңартылып, сәндік жарықтандыру орнатылыпты.  «Тайқазан» композициясы мен айналма жол салынып, көшелер көгалдандырылып, әуежай тас жолы жарықтандырылған. Секторда жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары  қарқынды жалғасуда.


ӘЗІМБЕК ПАЗЫЛБЕКҰЛЫ,  ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Жолмен асфальтпен қамтамасыз ету бойынша жалпы 115 көше болса Оның 95 бесі асфальтталған. Одан бөлек 17 көшеде жұмыстар жүргізілуде.

Секторда Инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту бағытында 2,2 шақырым электр желісі жаңартылып, Жібек жолы көшесінде бір трансформаторлық қосалқы станция қайта жаңғыртылуда. Абаттандыру  жұмыстары  аясында Усманов және Р.Дастанова көшелерінде спорт және балалар ойын алаңшалары пайдалануға берілген.  «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша Жүнісбеков және Сатыбалды көшелерінде қосымша ойын алаңдары орнатылады. Кездесу қорытындысында қала әкімі тұрғындардың барлық ұсыныстары мен мәселелері бақылауға алынып, кезең-кезеңімен шешілетінін атап өтті.

ОРАЛБАЙ ӘЛКЕЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АҚСАҚАЛДАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ
Ауылдың ойын алаңшалары мәдениет үйі керек футбол алаңдары керек. Инфрақұрылым жайлы сұрақ қойдым.


Отырар секторында  5 777 жеке тұрғын үй, 263  көпқабатты тұрғын үй және 14 916 пәтер бар.  Халық саны 50 750 адамды құрайды.  Сонымен қатар секторда  177 көше, 603 кәсіпкерлік нысаны, 7 мектеп, 22 медициналық мекеме, 35 балабақша, 4 мешіт, 8 саябақ, 16 қонақ үй орналасқан.