Аптап ыстықта суға түсу қайғылы жағдайға ұласпауы үшін қандай сақтық қажет? Шымкентте «Қауіпсіз балалық шақ» профилактикалық іс-шарасы күшейтілді. Мамандардың басты мақсаты – жазғы демалыс кезінде балалардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Шомылу маусымы басталғалы су айдындарына келушілердің саны артқан. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті мен полиция қызметкерлері күн сайын рейд жүргізіп, демалушыларға қауіпсіздік талаптарын түсіндіруде. Мамандар жадынамалар таратып, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызын ескертіп жүр.
АСҚАР ШӘРІП, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ, АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ КАПИТАНЫ
Қазіргі таңда шомылу маусымы өте өзекті мәселенің бірі. Қала аумағында 1-маусымнан бастап шомылу маусымын ресми түрде ашқан болатынбыз. Шомылу маусымы ашылғаннан кейін су айдындарында демалу саны едәуір арта түседі. Сондықтанда мынау тұрғындардың су айдындарында адамдардың қауіпсіз мақсатында департамент біржоба ауқымды іс-шаралар жүргізген. Себебі, су айдындарында тұрғындарымыздың демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету департаменттің негізгі қызметтерінің бірі болып табылады.
Мамандардың мәліметінше, қала аумағында суға шомылуға рұқсат етілген үш-ақ орын бар. Олар – «Рахат Бадам», «Райский пляж» және «Қошқар ата» өзенінің арналары. Ал шомылуға қауіпті деп танылған 13 аумақта 267 ескерту тақтайшасы орнатылған. Соған қарамастан, тыйым салынған жерлерде суға түсетіндер әлі де кездеседі. Құтқарушылардың айтуынша, балалардың қауіпсіздігіне ең алдымен ата-аналар жауапты. Ал белгіленген талаптарды бұзған азаматтарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
РУСЛАН НАУРЫЗБАЕВ, АТА-АНА
Ата-ана ретінде осы іс-шараны қолдап оытрмын. Әр уақытта дұрыс осындай белгілерді ескертіп, біліп отқаны дұрыс.Әйтпесе көбі қызметкерлерге тапсырады. Бала тұншығып қалсада, бала терезеден құлап қалсада оны біреуден көреді.Ата-ана бірін өзі қауіпсіздікті сақтау керек. Бала-шағаның.Қызметкерлердің алдын-ала ескертіп отырғанына рақмет деп отырмын.
Құтқарушылар жазғы маусым аяқталғанға дейін рейдтік бақылау мен түсіндіру жұмыстарын үздіксіз жалғастырады. Мамандар бір сәттік бейқамдық орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін екенін ескертіп, тұрғындарды тек рұқсат етілген орындарда шомылып, балаларды су жағасында қараусыз қалдырмауға шақырады.