Түркістанда тұрғындар мен туристерге арналған тағы бір жаңа демалыс орны ашылды. Қарашық өзенінің жағалауында бой көтерген экосаябақтың аумағы 50 гектарды құрайды. Мұнда серуендеуге, спортпен айналысуға және балалардың қауіпсіз демалуына барлық жағдай жасалған. Нысанның ашылуы Конституцияны қолдауға арналған ауқымды қоғамдық акциямен тұспа-тұс келді.


Табиғат пен заманауи инфрақұрылым үйлесім тапқан экосаябақта спорт және ойын алаңдары, жаяу жүргіншілерге арналған жолақтар, күн энергиясымен жұмыс істейтін жарық шамдары орнатылған. Ашылу рәсіміне қатысушылар елдегі саяси жаңғыру бастамаларына қолдау білдіріп, өңірдің қарқынды дамуына оң бағасын берді. Соңғы жылдары Түркістанда қоғамдық кеңістіктер көбейіп, тарихи-мәдени нысандар жаңғыртылып келеді. Бұл өз кезегінде көне шаһардың туристік тартымдылығын арттыра түсті.


НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Мемлекет басшысы ұсынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында экологиялық парк ашылып жатыр. Бұл Түркістан жұртшылығы мен жастар жиналып, бос уақытын тиімді өткізуге арналған жер.Жалпы алаңы 50 гектарды құрайды, арнайы ойын алаңдары да қарастырылған.