Жаңа пәтер, айқара ашылған есік және аппақ шашу! «Оңтүстік» телеарнасының редакторы Аида Ташева кәсіби мереке қарсаңында су жаңа баспананың иесі атанды. Президенттің тікелей тапсырмасымен берілген бұл сыйлық көп жылғы төгілген тер мен адал еңбектің шынайы жемісі.Мемлекеттік марапатпен бірге келген пәтер кілті Аида үшін нағыз тосынсый болды. Қуаныштан жүрегі жарыла жаздаған әріптесімізді шығармашылық ұжым құттықтап келді.
Жаңа пәтердің есігін ашқан сәттегі қуаныш сөзбен айтып жеткізгісіз. 15 жылдан бері «Оңтүстік» телеарнасында еңбек етіп келе жатқан Аида Ташева көрерменге «Таң нұры», «Депутат мінбері», «Ақ босаға», «Әділетті Қазақстан», «112 Шымкент» секілді жобалар арқылы жақсы таныс. Осы уақытқа дейін Ордабасы ауданынан күн сайын қатынап жүрген журналист үшін бұл баспана – көп жылғы еңбектің өтеуі.
АИДА ТАШЕВА, ПӘТЕР ИЕСІ
Шын қуаныштымын журналистердің қатарында алғашқылардың бірі болып үй алып жатқаныма. Бұлда менің 15 жылдық еңбегімнің арқасы деп білемін. Бұл тек ғана менің емес Оңтүстік телеарнамның ұжымымның жеңісі деп білемін. Президентімізге үлкен алғысымды білдіремін.
Екі бөлмелі пәтер толықтай қоныстануға дайын. Ас үй жабдықтары, тұрмыстық техника, жиһаз - бәрі бар. Яғни жаңа қожайынға тек өз заттарын әкеліп, жаңа өмірді бастау ғана қалды.
ГҮЛСАНАТ ҚАЛМЫРЗАҚЫЗЫ, ЖУРНАЛИСТ
Бір емес екі бөлмелі. Жарық кең бөлмелер. Ішінде бүкіл жиһазымен берп тұр. Аида осындай сыйға өте лайық. Өзінің телеөнімдерін паш еткен өзінщдік ойып алар орны бар әріптесіміз.
Бұған дейін БАҚ өкілдерін баспанамен қамту бастамасы негізінен елордада жүзеге асқан еді. Биыл Президент тапсырмасымен бұл игі үрдіс өңірлерге де жетті. Шымкентте жаңа пәтердің кілті «Оңтүстік» телеарнасының редакторы Аида Ташева мен «Уақыт» газетінің бас редакторы Момынхан Құдретілләға табысталды.