Жедел жәрдемнің қай жерде келе жатқанын онлайн бақылау, мұғалімсіз білім беретін мектеп және құбырлардың ақауын жасанды интеллект анықтайтын жүйе. Бұл – Шымкентте цифрландырудың қарқын алғанын көрсететін нақты жобалар. Қалалық цифрландыру басқармасы жарты жылда атқарылған жұмыстардың нәтижесін жариялады.


Цифрлық экожүйенің орталығына айналған Shymkent IT HUB жыл басынан бері мыңнан астам жасқа ІТ саласының қыр-сырын үйретті. Ал Tashenev University базасында еліміздегі бірегей жобалардың бірі – Tomorrow School мектебі мен жасанды интеллект зертханасы іске қосылды. Мұнда студенттер дәстүрлі дәрістерден қарағанда тәжірибеге басымдық беріп, роботтарды басқаруды, бағдарламалауды және үлкен деректерді талдауды меңгеруде.


МҰХИТ КЕМЕЛОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Әлеуметтік желілерден қарап отсаңыздар бізде «Tomorrow School» ашылды.Бұл әлемдегі жасанды интеллект бойынша оқытудағы алдыңғы қатардағы платформалардың бірі.Қазір осы «Tomorrow School» «Tashenev University» базасында ашылды.


Жасанды интеллект енді коммуналдық салада да тиімді қолданылып жатыр. Art Code жүйесі жер астындағы жылу құбырларының тозу деңгейін анықтап, көзге көрінбейтін ақауларды дәл табады. Биыл осы технологиямен 5 шақырым жылу желісі тексеріледі. Ал білім беру ұйымдарында цифрлық инфрақұрылым күшейтіліп, қаладағы 161 мектептің интернет жылдамдығы секундына 100 мегабитке дейін жеткізілді.


МҰХИТ КЕМЕЛОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ЦИФРЛАНДЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Жобамыз бұл қазір жүзеге асып жатқан толыққанды «Art code» жобасы. Бұның негізгі мақсаты-құбырлардың тозу деңгейін анықтайтын жасанды интеллектпен негізделген құрал-жабдық болып табылады. Бүгінгі таңда қазір біздегі құбырларды тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Былтыр біз пилот жүргізгенбіз. Сәтті көрсеткеннен кейін қолдануға беріліп отыр.


Цифрландырумен қатар киберқауіпсіздікке де басымдық берілген. Жыл басынан бері әкімдіктің ақпараттық жүйелеріне жасалған 97 кибершабуылдың жолы кесілді. Бұдан бөлек, мемлекеттік ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін күшейту үшін мыңнан астам заманауи қорғаныс құралы енгізілді.