Ақпарат майданындағы қарбалас бұл жолы спорт алаңына ауысты. 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Шымкентте журналистер арасындағы дәстүрлі спартакиада басталды. Қаламы қарымды тілшілердің бұл жолғы тартысы қалай өрбуде? Әріптестеріміздің жеңісі мен жарыс қызығы – келесі сюжетте.
Камера мен микрофонды уақытша ысырып қойған журналистер бүгін спорттық форма киіп, өзара мықтыны анықтауға кірісті. Қала әкімдігі, Ішкі саясат басқармасы және Қазақстан Журналистер одағының Шымкент қалалық филиалы ұйымдастырған додада бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері спорттың төрт түрінен бақ сынауда. Бәсеке басталысымен-ақ «Оңтүстік» телеарнасының ұжымы үздіктер қатарынан көрінді. Қыздар арасындағы үстел теннисінен әріптесіміз Аида Ташова қарсыластарына дес бермей, бірінші орынды жеңіп алды. Ал шағын футболдан ерлер құрамасы жүлделі үшінші орынға ие болды.
ПЕРНЕБЕК БІЛӘЛБЕК, OŃTÚSTIK ТЕЛЕАРНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
28 маусым БАҚ күні,осыған орай елімізде,Қазақстанның барлық аймағында журналистер мерекесіне арналған спартакиа бастау алды,жалауын желбіретті.Дәл сондай іс-шараның бірі бүгін өтіп жатыр.Қала әкімдігі мен ішкі саясат басқармасы және журналистер одағының Шымкентфилиалы бастамашыл болған үлкен жиында Шымкенттен қалам тербеп жүрген бірқатар БАҚ өкілдері сыңға түсіп жатыр.Қыздар арасынан үстел теннисінен Аида Ташова есімі танымал әріптесіміз оқ бойы озық шығып бірінші орынды иеленді.Сонымен қатар шағын футбол түрінен біздің ерлер командасы 3 орынды иеленді. Қазақ журналистикасының көрнекті тұлғасы болған Шерхан Мұртаза айтпақшы журналисттің арқалағаны алтын болғанымен жегені жантақ дейді.Яғни бұл журналистердің қоғам мен билік арасындағы көтеріп жүрген үлкен бір салмақтың биік дәрежесін көрсетеді.
Қазір спорт кешенінде волейболдан тартысты кездесулер жалғасып жатыр. Күнделікті ақпарат таратуда бәсекелес саналатын әріптестер бұл күні бір команда болып, бір-біріне қолдау көрсетуде. Себебі бұл спартакиаданың басты мақсаты – жеңістен бұрын журналистердің басын қосып, ауызбіршілік пен достықты нығайту.
ГҮЛДАНА ДӘУРЕН, «РЕЙТИНГ» КОМАНДАСЫНЫҢ МҮШЕСІ
Осындай спартакианың өтуі өте қажет,себебі менімен жұмыс жасайтын мамандар үшін,физикалық тұрғыда бір-бірімізді сынап көру,бір-бірімізге серпін береді,серігіп қаламыз.Осының арқасында және әр ұжымға жаңадан келіп жатқан жас мамандар бар бір-бірімізбен таныстық үшін өте қажет нәрсе деп ойлаймын.Оның үстіне тартысты өтіп жатыр,бір-біріміздің физикалық тұрғыда бабымызды бағымызды сынап көреміз.
Қазақ журналистикасының көрнекті тұлғасы Шерхан Мұртаза: «Журналистің арқалағаны алтын, жегені жантақ» деген еді. Расында, қоғам жүгін арқалаған тілшілер бүгін қаламнан бөлек, спорттағы қарымын да көрсетті. Спартакиада әлі жалғасуда. Алда жарыстың өзге түрлері бойынша жеңімпаздар анықталады. Барша әріптестерімізді кәсіби мерекесімен құттықтап, шығармашылық табыс пен жаңа белестер тілейміз.