Қызметте – қырағы, жарыста – жүйрік. Шымкент пен Түркістан облысының 200-ге жуық қылмыстық-атқару жүйесі қызметкері жазғы спартакиада аясындағы марафонда бақ сынады. Қызметтік форманы спорттық киімге алмастырған қатысушылар 4 шақырымдық қашықтықта өзара мықтыны анықтады.
Жарыс басталысымен қатысушылар бірден қарқын қосты. Төрт шақырымдық қашықтықта әркім өз дайындығын дәлелдеуге тырысты. Мәреге алғашқы болып жеткендер ғана жеңіс тұғырына көтерілді.
ҚАРЛЫҒАШ ҚҰРАЛБАЕВА, ДЕПАРТАМЕНТТІҢ ЖЕКЕ ҚҰРАММЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ, ӘДІЛЕТ ПОДПОЛКОВНИГІ
Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті және оған қарасты мекеме қызметкерлері арасында жазғы спартакиадан марафон ұйымдастырылды. Марафонға жалпы 200 ге жуық қызметкер қатысып, нәтиже бойынша анықталған жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтілді.
Марафон қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қызметкерлер медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жазғы спартакиада мұнымен аяқталмайды. Алда кіші футбол, волейбол және гир тасын көтеруден жарыстар өтеді.
ЕРКЕБҰЛАН АРЫСТАНОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТҰРАН АУДАНДЫҚ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ
Жарыс өте әділ өтті. Және қарсыластарда осал емес. Қаншама дайындық, қаншама тер. Қазір міне сол еңбектің, төгілген тердің арқасында мәреге бірінші болып келіп отырған жайым бар.
Жеңімпаздардың айтуынша, бүгінгі нәтиже – жүйелі дайындық пен табанды еңбектің жемісі. Ал спорттық дода алдағы жарыстарға тың серпін беріп, қызметкерлердің өзара бәсекесін одан әрі қыздыра түсті.