Қала аумағында мал жаю, үй жануарларын асырау кезінде заң талаптарын сақтау қажет! Ветеринариялық қызмет» мамандары Абай ауданы Игілік тұрғын алабының халқымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жалпы, мегаполисте жайылымдық жерлер бар ма? Мал ұстау қағидаларын сақтамағандарға қандай шара қолданады? Толығырақ келесі сюжетте.

 Шымкент қаласы аумағында жеке тұрғын үй мен өндірістік аймақтар құрылысы ұлғайып келеді. Шаһарға республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілген сәттен бастап, қала аумағында мал жаюға арналған жайылымдық жерлер қарастырылмаған. Қараусыз қалған мал иелеріне заңның нормаларын бұзғаны үшін әкімшілік шара қолданылады.

ЕРСІН АХМЕТОВ, «ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ» МКК ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Халық арасында біздің әр елді мекенге белгіленген  ветеринар дәрігерлеріміз бар. Солар жоспарлы профилактикалық, диагностикалық іс-шараларды жүргізіп, тұрығндарға жануарларды қараусыз қалдырмауды түсіндіреді.

Сондай-ақ, қала тұрғындарына жергілікті ветеринариялық дәрігерлер тарапынан жеке және заңды тұлғалар жеке қожалығындағы малды бірдейлендіру, қора-жайды таза ұстау, мал, үй жануарларын қараусыз қалдырмау, сатып алу және сою, тасымалдау кезінде хабарлау туралы міндеттілігі түсіндірілді. Малды бірдейлендіру жұмыстары мемлекет тарапынан тегін жүргізіледі.⁣

ҰЛТУАШ БАЗАРХАНОВА, ТҰРҒЫН
 Анау арғы беттегі сиырдың егелерінің бәрі үйінде ұйықтап жатыр. Сиырлар қаптап жүр. Оның егелерін ұстау үшін бәрін бір-бірлеп арқанмен байлап қойып, сиырыңа айыппұл десе бәрі жетіп келеді. Меніңде сиырым сол жақта, бір сиырым бар.

Айта кетейік, жеке қожалықтағы жануар бірдейлендірілмеген жағдайда мал иесін әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген. Шымкент қаласының Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, тұлғалардың мал ұстау қағидаларын сақтамағаны үшін биыл 223 тұлғаға әкімшілік айыппұл салынып, шара көрілген.⁣⁣⠀
⁣⁣⠀⁣⠀