«ҚазАгроҚаржы» АҚ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін жаңа лизинг бағдарламасын жүзеге асырмақ. Жаңа қаржыландыру шарттары бастапқы жарнасыз ақ жүзеге асатын болады.  Ақтолғай жаңалығын жеткізуге   КазАгроҚаржы»  АҚ төрағасының орынбасары Еркебулана  Жумжаев Тұркістан облысы шаруаларымен жүздесті.

Төраға орынбасары Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы «Рамазан Агро» ЖШС болды.  Қожалық еншісіндегі 700 гектар жерге мақта егумен айналысады. Ақ алтынның қарапайым емес Түркиялық тұқымын ордабасы алқабына жерсіндірген. Жай шиттен гектарына 35 центнер мақта алса шетелдік сорт 60-70 центнерге дейін өнім береді. Қожалық өз жерінен бөлек қосалқы 7 мың гектардан астам жері бар шаруаларды біріктіріп оларға тұқымдық дәрі, техникамен қамьтамасыз етеді.  Заманауй техникаларды ««ҚазАгроҚаржы» ұйымы арқылы жаңалап отырады.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ шаруаға үлкен қолдау беріп отыр. Қаржы ұйымы ауыл шаруашылығы және арнайы техниканы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдауға арналған көліктерді сатып алуға мүмкіндік береді. Лизинг   шарттары   бастапқы  жарна - 0% -дан сыйақы мөлшерлемесі - 22,75% (субсидиялауды  қоса  есептегенде 6%) лизинг  мерзімі  - 10 жылға  дейін. Ал қаржыландыру  лимиті – 370  млн  теңгеге  дейін.

Бағдарлама ережелері бойынша лизингке қазақстандық және шетелдік өндіріс техникасы беріледі. Бұдан бөлек, бағдарлама Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуын қолдауға бағытталған. Айта кетейік, 2023 жылы ауыл шаруашылығына арналған  7 710 бірлік техникана лезинге алуға 178 млрд теңге жұмсалды. Сатып алынған техниканың 54%-ы Қазақстанда жасалған.