«Киелі мекен» апталығы аясында қасиетті деп саналған жерлер қоқыстан тазартылды. Шаһарда мұндай критериге сай келетін орындар көп. Соның бірі – Қаратау ауданындағы «Ибрагим ата» кесенесі. Экоакция аясында бұл орында да бірқатар шаруа атқарылды.

 «Киелі мекен» апталығы Шымкент қаласы Қаратау ауданында да жалғасын тапты. Сайрам тұрғын алабында орналасқан «Ибрагим ата» кесенесінде мемлекеттік қызметкерлер, мердігер мекеме мен тұрғындар жиналып, тазарту жұмыстарын жүргізді. Бұған дейін Қарашаш ана кесенесінде де сенбілік жасалған еді.

Арнайы орында «Қаратау» КММ-нің 25-ке жуық тазалықшылары мен жастар ұйымының 20 волонтері жұмылдырылған. Олар кесенінің іші-сыртын жуып, тазалап, қыруар шаруа атқарыпты. Экоакция «Мирали баба» кесенесінде жалғасты.