«Таза Қазақстан»  экологиялық акциясы аясында кезекті апта да соңына жетіп қалды.  «Киелі мекен» атауын алған бұл жетіде қала бойынша тарихи-мәдение орындар тазаланып, аумағы абаттандырылды. Экоакцияның арқасында Әл-Фараби ауданындағы 28 тарихи орын толыққанды жуылып-шайылды.

 Шымкенттің басты бес қақпасының бірі саналатын – теміржол вокзалы аумағында Қабанбай батыр ескерткіші бар. Тарихи орын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында толыққанды тазаланды. Мегополиске келген меймандардың көзіне түзетін мекен аумағы абаттандырылып, әрлеу-сырлау жұмысы жүргізілді.  

Әл-Фараби ауданы қаланың қақ ортасы. Сондықтан да аудан аумағында тарихи-мәдени орындар жетерлік. Коммуналдық қызметкерлер мен белсенділер енді Ақпан батыр, Жолан батыр ескерткіштері маңында тазалық жұмысын жүргізіп, «Киелі мекен» апталғын қорытындылмақ.