Дүйім ел  болып кіріскен қала тазалығына дін өкілдері де белсене атсалысты. Мегаполистік барлық мешіттерінде жұма намаздан кейін имамдар жамағатпен жұмылып Алла үйінің айналасын тазартты.

Ақмешіттің айналасы айнадай. Көпшілік құлшылық қылатын нысан аптасына үш рет тазаланып тұрады. Десекте ниет еткен адамға бұл мұнтаздай Алла үйінің ауласынан да жұмыс табылады.  Имамдар мен медресе шәкірттері ауладағы гүлдердің арасында өскен арамы шөптерді аршыды. Гүлбақтың ажарын аша тұсті. Имандылық тазалықтан басталады.

Бұл апта тарихи нысандар мен ескерткіштерді тазалауға арналған. Қаланың күре жолы Қапал батыр көшесінде орналасқан батырдың ескеткіші бүгін шаңнан шайылды. Арнайы су атқыш көліктермен зәулім ескерткіш толық жуылды. Айналасындағы шыршалар ретке келтірілді.

 Еңбекші ауданы бойынша үш ескерткіш бар . Осы аптада акция аясында барлық нысандар тазаланды. Сауапты іске  қала тазалығымен айналысатын  қызметкерлері мен қатар  еңбек ұжымдарыда белсене атсалысуда. Айтқандай осы күні Сайрам тұрғын алабында орналасқан Мірәлі баб кесенесіде күрделі тазалықтан өтті.