Қаламызға Елодадан елімізге белгілі Жастар театры гастролдік сапармен келді. 16 жылдық тарихында 16 халықаралық, республикалық байқаулардың гран-при жүдесін қанжығалан ұжым, алдағы алты күн қатарынан ең үздік қойылымдарын сахналайды. 
Қанат Жолдасбек- Тілші
- Театр – өмір айнасы. Ол қиял-ғажапты емес күйбеңдегі өз бейнеңізді сомдайды. Шым-шытырыққа шарлап, өмірдің қатпар-қатпар тылсымын түсіндіреді. Бүгін Шымқаламызға Елордадан арнайы жастар театры қонаққа келіп,  алдағы алты күн бойы Шымкенттік көрерменге қайталанбас эмоция сыйлайтын болады.

Сахнаның шымылдығын ашып, тұсауын кесетін – «таптым, ғашық болдым, жоғалттым» мюзиклі. Махаббат машақатын бейнелейтін қойылым – көрермен санасын сілкілеп, көзіне жас үйірді. Елордалық ұжым Шымкенттік көрерменге ең үздік репертуарын ұсынбақ. Соның бірі бүгінгі пьеса. Аталған қойылым алдағы уақытта Түрік елінде сахналанбақ.

Дәурен Серғазин, актер
 - Жылда өтетін Трапзон қаласында түркі елерінің фестифалі өтеді. Халықаралық, әртүрлі елден. Бізден осы Қазақстан театрлары арасынан біздің театрды таңдап, біздің ұсынған қойылымдардың ішінен осы қойылымды таңдалды.

Қойылымда басты рөлді сомдайтын Мейірғат Амангелдин, Шымкенттік көрерменнің өзгеден ерек екенін алға тартады. Айтуынша, үшінші мегаполюс тұрғындары сөз қадірін түсініп, спектакьлді ұйым тамашалайды.

Жастар театры келеді деген естіген көрермен күн ерте қамданыпты. Билеттер мерзімінен бұрын сатылып, зал лық толды. Көрермен тік тұрып құрмет көрсетіп, ыстық ықыласын аямады.