Бірер күн бұрын Шымкент мектептерінің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлаған едік. Білім ошағының шатыры жанып, оқушылар мен мұғалімдердің өміріне бір сәт қауіп туды. Осы сияқты оқыс оқиға кезінде азаматтар қалай сауатты әрекет етуі керек? Әсіресе балабақша мен мектептердегі бала өмірінің қауіпсіздігі қалай қамтылады?

Кезекті оқу-жаттығу қаладағы 130-шы мектепте ұйымдастырылды. Сценнарийі бойынша, оқушылар мен ұстаздар еш алаңсыз сабақта отыр. Кенет информатика пәнінің мұғалімі кабинетінен өрт шыққанын байқайды. Дереу әрекет еткен ұстаз түтінге толы сыныпқа кіріп, электр құрылғысын өшіреді. Кезекшіге хабарлап, дабыл түймесі басылды.

Төтенше жағдайлар қызметінің 101 жедел желісіне қоңырау шалынды. Өрт туралы сиренаны естіген оқушылар мен қызметкерлер лезде далаға шығуға асықты. Ұстаздар оқушыларды түгелдеп, тексерді. Айналаса 2 минутта өрт сөндіру қызметі келіп жетті.  

 Өрт сөндірушілер қызметіне кірісіп кетті. Арнайы мамандар аса сақ күйде кабинеттерді аралады. Ғимаратта түтінге тұншығып, иіс тиген оқушыны қауіпсіз алаңға алып шықты. Алғашқы көмек көрсетіліп, апаттар медицинасы орталығына табысталды. Жалпы статистка бойынша, өрт оқиғасынан жарақат алу мен қаза болудың 80 пайызы эвакуация кезіндегі әрекетті білмеуінен болады екен. Яғни, жазатайым оқиға ыстық жалын мен жоғары температурадан емес, бірін бірі таптап кетуден туындайды. Сондықтан да бүгінгі мектептегі оқу-жаттығудың маңызы зор дейді, -департамент өкілі.  

От пен су тілсіз жау. Қауіпсіздік талабы дұрыс сақталмаса, соңы бақытсыз жағдайға әкеп соғуы мүмкін. Төтенше оқиға бола қалғанда да адам көп шоғырланатын мекемеде әрекет жылдам әрі сауатты болуы керек. Осы мақсатта қаланың білім беру ұйымдарында арнайы бағдарлама әзірленген.

Шымкентте 1200-ге жуық білім беру мекемесі бар. Жыл сайын 300-ге жуығында өрт техникалық қауіпсіздік ережелері қатаң тексеруден өтеді.  Айта кетейік, 130-шы жалпы білім беретін мектеп кез келген төтенше жағдай кезінде қала тұрғындары үшін арнайы пункт те болады. Сондықтан мұндағы қызметкерлер мен құрал-жабдықтар әркез дайын.