Вандалдарға Заң күшейді. Бұдан былай қоғамдық орындардағы мүлікті қасақана бүлдіргендер 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылады. Мәжілісте вандализмге қатысты жауапкершілікті қатаңдату бойынша Заң қабылданды. Сондай-ақ, енді белгіленбеген жерде коммуналдық қалдықтарды тастағаны үшін 10 айлық есептік көрсеткіште айыппұл салынады. Мұндай өзгеріске көпшіліктің көзқараcы қалай? Мегаполис шаһарда вандализммен күресу жұмыстары қай деңгейде? Гүлсанат Қалмырзақызының сюжетіне зер салсақ...  

Нұризат Асабаев - табиғатты қорғау және реттеу басқармасынан зейнетке шыққан ардагер. Табаны күректей 30 жыл орман қорғау инженері болып еңбек етті. Бос уақытында шаһардағы саябақ, гүлзарларда жиі серуендейді. Еккен тал-дарақ, көгеріп тұрған ағаштарды сындырып, бүлдіргендерді көп көреді. Ондай кезде Нұризат қарияның шығарда жаны бөлек.

Ал, Андрей Ануфреев саябақта жүгіріп, жаттығуды күнделікті әдетке айналдырған. Вандализмге Заңның күшейгенін құп көреді. Өйткен, жастар отырған орындықьтарына сызып, бүлдіріп, сындырып тастайтын жайттарға талай мәрте куә болдым дейді.

 Адрей Ануфреев, Шымкент қаласының тұрғыны
- Осы маңда денсаулығымды қайта қалпына келтіру үшін жаттығуға келемін. Күн сайын вандалдарды көремін. Оларға үнемі айналадағы мүліктерге ұқыптылықпен қарау керекгінін айтып жүрміз. Кейде онсыз да тозған жүйкемізді шаршатқымыз келмейтінін де жасыра алмаймын. Өйткені, сөз шығындағанмен, нәтиже жоқ. Сондықтан, Вандалдармен күресті күшейтіп, әр ата-*ана отбасында, мектеп ұстаздары жиі айтып отыру керек. Ал, Мәжілісте кеше қабылданған Заң енді вандалдарды тәубесіне келтіреді деп сенеміз. Айтпақшы, осында полция бекеті бар. Бірақ, саябақта бірде бір бейнекамера жоқ. Сондықтан да вандалдарды анықтау қиын.

Сынған орындық. Жарамсыз күйге түскен жарықшамдар. Шимай-шатпақтан көркі бұзылған мүліктерді қала саябақтарынан кез-келгенінен кезіктіру қиын емес. Тұрғындар қоршаған ортаға қысастықпен қарап, құрметсіздік танытқандарды сабасына түсіру керек дейді.

Гүлсанат Қалмырзақызы, тілші
- Біз қазір Шымкенттегі Жеңіс саябағындағы ахуалды байқауға келдік Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұндағы орындықтар мен спорттық жабдықтар жеңіс мерекесінің алдында ғана бүтінделіп, жөнделген. Алайда, тұрғындардың айтуынша, вандалдар орындықтардың ағаштарын күндіз былай босатып, қойып, түнгі уақытта үйлеріне тіпті таситын көрінеді.

Сондай-ақ, енді белгіленбеген жерде коммуналдық қалдықтарды тастағаны үшін 10 айлық есептік көрсеткіште айыппұл салынады. Яғни, «ортақ пайдаланылатын орындарды ластау» бабы бойынша заңбұзушылықтар үшін жаза екі есеге ұлғайтылды. Ал, мұндай келеңсіздіктердің орын алуына көбінесе, жас жеткіншектер барады. Алайда, олдар тіпті, вандализм деген терминді білмейтін болып шықты.


Еске салсақ, Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда осы тәртіп бұзушылықпен күресу қажеттігі туралы айтқан болатын. Жаңа заңдағы баптың екінші бөлігі бойынша, 200-ден 500 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу немесе түзеу жұмыстары, 300 сағаттан 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту көзделген.  Немесе 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу, не болмаса дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылмақ. Ал, миллионды шаһарда жыл басынан бері бірде –бір вандализм жайты тіркелмепті.Ал, Сіз бұған сенесіз бе?  

Вандализм жеке мәдениет пен тәрбиенің деңгейін көрсетеді. Мемлекеттің мүлкін қиратып, бүлдіріп, сындырып жатқандарды анықтау мақсатында бейнебақылау камераларын көбейту қажет. Өйтпесе, бәрі бекер.