Шымкентте жоғары сынып оқитын балалар педагогтардың сүйемелдеуімен әскери ұшақтарды бақылады. Кеңес Одағының Батыры
Сағадат Нұрмағамбетовтың 100-жылдық мерейтойына арналған іс-шараға 200-ге жуық оқушы қатысты.

Экскурсия бөлімнің аумағында өзін қалай ұстау керектігі туралы нұсқаулықтан басталды. Оқушылар Әуе қорғаныс күштерінде қызмет өткеру ерекшеліктері туралы ақпарат алып, әуе базасының әскери қызметшілерінің күнделікті өмірімен танысты. Авиациялық техниканың үлгілерін көрді. Бөліммен жалпы танысқаннан кейін қонақтарға СУ-25 шабуыл авиациясы ұшағының, Ми-35М соққы тікұшағының, сондай-ақ Ми-171Ш жүк-көлік тікұшағының кабиналарында отырып, өздерін нағыз ұшқыш ретінде сезінуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, эскадрилья командирінің орынбасарлары тұлға туралы деректерді таныстырды.

 Кездесу соңында алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушылары Қарулы күштер қатарында қызмет етуге балалардың қызығушылығын туғанын айтып қалды. Пайдалы және қызықты экскурсия үшін бөлім басшылығына алғыстарын жеткізді.