Шымкентте жаздың бірінші аптасы гарнизон әскери қызметшілері үшін сынақпен басталды. Барлық бөлімдерде тактикалық-саптық сабақтар ұйымдастырылды. Олар жеке құрамның кенеттен қауіп төнген жағдайда жедел әрекеттерге дайындығын тексерді.
Бөлім бойынша кезекшіге түскен «Дабыл!», бірден ескерту жүйесін енгізуін талап етті. Ол бірнеше секунд ішінде барлық бөлімшелерге дабылды жеткізді. Барлық әскери қызметшілерге қысқа мерзімде жабдықтар, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді алу, әскери техниканы тез дайындау, оны жауынгерлік машиналар паркінен шығару және роталық колонналар қалыптасатын аймаққа көшіруді қажет етті. Дабыл бойынша көтерілген жеке құрам, белгіленген уақытта әскери бөлімге келіп, жауынгерлік есеп бойынша тапсырмаларды орындауға кірісті. Механик-жүргізушілер әрбір құрал-жабдықты бүге-шігесіне дейін тексеріп, тиісті алгоритмдерді қолдана отырып, техниканы іске қосты. Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тиеп, парктен шығарды.