Қазақстандықтар айлығының жартысынан көбін азық-түлікке жұмсайды. Соның өзінде дұрыс тамақтанбайды. Бұл деректі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтірген болатын. Халықтың көп калориялы тағамдар тұтынатыны жасырын емес. Сөзімізге семіздік дертінің, диабеттің дендеп бара жатқаны дәлел. Әріптесім Лаура Сарман осы тақырыпты терең зерттеуге тырысты. Материалын көрейік.


 Лаура Сарман – тілші

«Бүгін ай басында түскен жалақымды жаратуға базарға келдім. Негізі алғаным – азын-аулақ азық-түлік. Бұрын ата-анамыз айына бір рет базарласа, қазір күнделікті дүкенге жүгінеміз. Кешкі асты ішіп болған соң балалар тәтті жеймін, су ішемін деп мазаны алады. «Солар үшін жүрміз ғой» деп қалауын орындайсың. Осылай күйбең тірлік өтіп жатыр»

 ТМД елдерінің тұрғындары айлығының айтарлықтай бөлігін тамаққа жұмсайды. Өкініштісі, Қазақстан сол ретингте көш бастап тұр. Яғни, жалақыларының 50 пайыздан астамы азық-түлікке жұмсалады. Бірақ бұл күннен күнге қымбаттап барады.

 5 жылдан бері сатушы боп жұмыс істейтін Аманат Нұрбекова азық-түліктің қымбаттағанын жасырмайды. Көз алдында баға өсіп барады. Мұны тұтынушының бірі байқаса, енді біріне айырмашылығы жоқ. Әркімнің жағдайы әр түрлі.

Аманат Нұрбекова – сатушы 

«Біреулері жақсы дейді, бірі қымбат дейді. Әркім жағдайына қарайды ғой. 1000 теңгеге, кейбірі 10 мың теңгеге зат алып кетеді. Көбіне өтетін продуктылар құмшекер, пісте май, күріш, солар ғой»

Статистикалық мәліметке сүйенсек елімізде ақша жұмсаудан елорда көш бастап тұр. Мәселен, Астананың бір тұрғыны тоқсанына 366 345 теңге жұмсаған, бұл айына 122 115 теңге. Одан кейін алматылықтар. Ал Қарағанды облысы үштікті қорытындылайды. Жыл сайын бұл көрсеткіш артып келеді, дейді мамандар. Айтуларынша елімізде инфляция толқындарының тым жоғары болуы халықтың қалтасын жұқартқан. Айлығы өз басынан аспайтын халық қазір ақша жинамақ түгілі, тамағын несиеге алып жүр.

 Бауыржан Ысқақ – экономист

«Жалақыларының 90 пайызын азық-түлікке жұмсайды деп айтуға толық негіз бар. Жалпы әлемдік стандартта халық егерде ақшасының 50 пайыздан астамын күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қажетті тауарларға жұмсайтын болса, ол мемлекетті кедей деп айтуға болады екен. +Халықтың жағдайын көтеру үшін біз халықтың қалтасынан шығатын қаражаттарға кететін шығандарды алдын ала азайтуымыз керек.»


Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр бір адамның шығыны 277 202 теңге немесе айына 92 400 теңге болған. Сондай-ақ бір қазақстандық азық-түлік пен алкогольсіз сусындардарға 129 953 теңге, сырттан тамақтануға – 6070 теңге, алкогольдік сусындарға – 1766 теңге, темекі өнімдеріне – 3970 теңге төлеген. ГРАФИКА 2: Бір адам тоқсанына 14 819 теңгені несие мен қарызды өтеуге, 5362 теңгені алиментке, 334 теңгені салық пен басқа да төлемдерге жаратқан.