Әрбір отбасының басты тірегі – әке. Олардың қоғамда да, әулетте де алар рөлі зор. Маусымның әр үшінші жексенбісі Әкелер күні деп аталған. Былтырдан бері Шымкентте «Отбасы FEST» атты отбасылық байқау ұйымдастырылып келеді. Биыл да мұндай іс-шара қаламыздың бірнеше жерінде тойланды. Орталық саябақта өткен мерекелік кешке тілшіміз де қатысып қайтқан еді, бірге тамашалайық.
Әке болу тек биологиялық байланыс емес, ол күнделікті еңбек пен жауапкершілік. Осылай деген 42 жастағы Икрам Нематов өз жанұясымен сайысқа қатысуға келіпті. Көпбалалы әке «Отбасымыздың басты ұраны - адалдық, еңбекқорлық, әрбір қиындыққа төзе білу»,-дейді.
Отбасылық байқауда ұлттық спорт түрлері дәріптелді. Асық атып, әуезді әндер шырқалды. Сайыс талаптарына сай жарысқа 10 отбасы қатысып, өзара бақ сынасты. Әкелер күнінің басты мақсаты - дәстүрлі отбасылық құндылықтар мен үлгілі ата-ана болу идеясын насихаттау, сондай-ақ бала тәрбиесіндегі әке рөлінің маңыздылығын арттыру. Бүгінде елімізде «Әкелер одағының» 12 өңірінде арнайы филиалдар жұмыс істейді