Төлеби ауданындағы Бірінші мамыр елдімекен тұрғындары сапалы интернетке қол жеткізді. Бұған дейін шатырда отырып байланыс іздейтіндер енді ғаламторға кедергісіз кіретін болды. Жоба DomaLine серіктестігінің қаржысымен жүзеге асып отыр. Қазіргі таңда 10 мыңға жуық тұрғыны бар аумаққа оптикалық желі арқылы сапалы интернет келіп тұр.

 Интернетке телміреген заманда желісіз отырып көзі ашылғандардың бірі Бақытжан Құралбеков. Ол жоғарғы жылдамдықты ғаламторға алғаш қосылды. Бүгінде 100 мегабитті жылдамдықта оптикалық интернеттің рахатын көріп отыр.


DomaLine компаниясы сапалы интернетке қосыламын деушілерге екі түрлі тариф ұсынып отыр. Жылдамдығы секундына 50 мегабиттік тариф 6 мың теңге болса, 100 мегбиттігі 10 мың теңге. Түркістан облысы бойынша 6 мыңға жуық абонент DomaLine компаниясының талшықты оптикалық желісіне қосылған. Мекеме өкілдері абонент санын 20 мыңға жеткізуді жоспарлапты. Бүгінгі таңда Төлеби ауданында 500 отбасы ғаламторға кедергісіз кіріп тұр. Қосыламын деушілер саны күн санап артып келеді дейді компания менеджері.  Айтпақшы DomaLine компаниясы интернетке шілде айында қосылатын абоненттер үшін 50 пайыз жеңілдік қарастырып отыр. Бұған дейін қосылу құны 50 мың теңге болса, мекеме бір ай көлемінде 25 мың теңгеге желіні кіргізіп береді.