Түркістандағы «Күлтөбе қалашығы» қасиетті мекеннің өткенінен мағлұмат беретін орталыққа айналуы керек. Қазақ халқының тарихынан, мәдениетінен хабар беретін орын заманауи талаптарға сай болмағы лазым.

 Сондықтан қалашықтың құрылысы жұмыстары соңғы технологиялардың көмегімен жүргізілуде. Қасиетті Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қабаттаса тұрған орын туристік орталыққа айналуы керек. Бұл туралы арнайы жиында кеңінен айтылды. Жобаның жалғасы ретінде келушілерге заманауи сандық технологиялар арқылы ежелгі заманға саяхат жасауға мүмкіндік беретін нысан салынады. 3D форматының жетістіктері қолданылады. Нысан түнде жарқырап, ою-өрнектермен безендірілмек. Болашақта археологиялық парктің қонақтары үшін сандық технологиялар арқылы ежелгі заманға саяхат жасау мүмкіндігі туады. Осы маңнан табылған археологиялық жәдігерлер туралы да мағлұмат берілетін болады. Қазақ мәдениеті, қолөнерінен сыр шертетін дүниелер жұртшылық назарына ұсынылады деп күтіліп отыр. Бұл жоба әлі зерделеніп, тиісті шешім қабылданады.