Шымкентте иесіз жануарлардан зардап шеккендер қатары артып отыр. Былтыр 6 айда 700 адам зардап шексе, биыл 900 адам қаңғыған ит-мысық пен басқа да тіршілік иелеріне таланған. Тақырыпты тілшіміз Кенжехан Дүйсенбі толықтырады.

Үй жануарынан зардап шеккенннің бірі Құдиярхан Махатов. Сырласымен аулада әңгімелесіп тұрғанда, сыныптасының кәндені қара санынан қапқан. Ақсақал дереу ақ халаттыларға жүгініп екпесін алыпты.

 Елімізде қаңғыбас ит-мысықтарды атып, жоюға тиым салынған. Жаңа тәртіп бойынша ветеринар мамандар иесіз итті аулап, кострациялап, екпесін егіп, ұстаған жеріне қайта жіберу керек. Осылайша бұралқы қамсыз өмірін жалғастыруы тиіс. Десекте соңғы уақытта Шымкентте иесіз ит-мысыққа таланғандар қатары күрт өскен. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда биыл зардап шеккендер саны 200 адамға артып отыр.

 Шымкентте әр жылы 3 мыңнан астам адам жануарлардан зардап шегеді екен. Жыл басынан бері жалпы 1 680 талану фактісі тіркелген. Төрт аяқтының төртеуінен құтыру індеті анықталған. 25 адам антирабиялық көмекке жүгініп, құтыруға қарсы вакцина алған.