Тамызда Қазақстан азаматтары Конституция күніне байланысты қосымша бір күн демалады. Ата заң мерекесі 30 тамыз жұмаға сәйкес келіп, демалыс 1 қыркүйек, жексенбіге дейін созылады.


Жалпы, тамызда аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 10 күн демалады. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер де 30 тамыз жұмада демалады. Бұл ретте сенбі, 31 тамыз жұмыс күні, ал жексенбі, 1 қыркүйек қайтадан демалыс күні болады. Осылайша алты күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары тамызда небәрі 5 күн демалады. Қазақстанда тамызда Конституция күнінен басқа бірқатар атаулы даталар атап өтіледі. Тамыздың бірінші жексенбісі 4 тамыз -Көлік қызметкерлері күні; 10 тамыз Абай күні; Тамыздың екінші жексенбісі 11 тамыз Құрылысшылар күні; 18 тамыз — Шекарашылар күні; Тамыздың соңғы жексенбісі 25 тамыз - Шахтерлер күні; 29 тамыз — Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні.