Түркістан облысында 852 елді мекеннің 90% көгалдандыру үшін 4 млн-нан астам көшет отырғызу жоспарланған. Ағымдағы жылы көктем айында елді мекендерді көгалдандыру үшін тұқымбақтардағы 484 мыңға жуық көшет босатылды. Ал, күзгі науқанға 516 мың дана көшет таратылды. Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы мәлімдеді.
Экология министрінің өңірімізге іс-сапары барысында, елді мекендердің аумағына, кіреберіс қақпалары мен жол бойларына көнімділігі жоғары көшет түрлерін егуді ұсынған болатын. Ал, қылқан жапырақты сәндік ағаштарды арнайы ғимараттар мен аллеяларда егу тәжірибесін қолданылуды алға тартты. Аталған жұмыстар Түркістан, Арыс қалалары мен Созақ, Қазығұрт, Келес аудандарында жүйелі жүргізілуде.
Облыс көлемінде орман питомниктерінің көлемі 253 га. Олардың санын 50-60 млн.-ға жеткізу жоспарланып отыр.
ҚАЙРАТ ӘБДУАЛИЕВ – ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ РЕТТЕУДІ ПАЙДАЛАНУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
15 жылда 1 млнға жуық көшет таратылуда. Әр ауданның өздернің сұраныстарына қарай беріліп отырады. 01-33... жалпы павловния ағаштары кәсіпкерлерлің көмегімен Түркістан өңіріне енгізілген. Бюджет қаражатына емес, спонсорлық көмекпен. Бірақ жерсінбеді. 02-16. Сондықтан біз ағаштардың алдымен өнімділігін тексереміз. Сакура ағашы жерсінді. Гүл ағаштарын қолға аламыз.
Сондай-ақ жиында «Балық шаруашылығын дамытудың өңірлік 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасы» бекітілгені айтылды. 10 жыл ішінде тауарлық балық өсіру көлемін 20 мың тоннаға жеткізу қажет. Ал балық өнімдері экспортының өсімін 2 есеге, яғни 7 мың тоннаға, қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктемесін 100% дейін жеткізу қолға алынды.