Шаһардың солтүстік шығыс бөлігінде орналасқан Қаратау ауданында биылғы алты айда атқарылған жұмыстардың есебі берілді. 18 елді мекені бар ауданның инфрақұрылыммен қамтылуы көрсеткіші қандай? Бозарық саяжайы мен Сайрам тұрғын алаптарының жаңа құрылыс аумақтары су, жарық пен табиғи газға қашан қосылады? Сюжетте айтамыз.
КҮНТУ АРЫНБЕК, ТІЛШІ
Сайрам тұрғыналабы мен Бозарық саяжайының жаңа құрылысы әлі күнге дейін ауыз суға, жарық пен табиғи газға қосылмаған. Тұрғындар суды тасып ішуге, жекенің жарығын жағып, газын тұтынуға мәжбүр. Жауаптылардың айтуынша, сәл күтсе, мәселе шешіледі. Нақтырақ айтсақ, биыл жыл соңына дейін Сайрам, Қызылсу, Бозарық елдімекендерінде су жүйесінің құрылыс жүріп жатыр. Ол жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады.
Брифингте аудан әкімінің міндетін атқарушы абаттандыру жұмысы туралы да ақпарат айтты. 603 көпқабатты үй бар 210 ауланың 189-ы абаттандырылған. Биыл 21 балалар алаңы мен 9 спорт алаңшасы салынады. Ал 2025 жылдың соңына дейін аудандағы аула толық абаттандырылады. Қаратаудағы өзекті мәселе көшелердің жарықтандырылуы. 595 көшенің небәрі 21 пайызында жарық бар.
КҮНТУ АРЫНБЕК, ТІЛШІ
Қаратуалықтар үшін тағы бір күрделі мәселе жауын жауса болды көлшікке айналатын аумақтар. Сай-саласы көп ауданда су басу және көлдеу қаупі бар 33 нүкте анықталған. Биыл 11 аумақта проблеманы шешу мақсатында жалпы 9,5 шақырым ирригациялық арық салынады.