DIGITAL KAZAKHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ. Педагогтердің қалалық дәстүрлі тамыз конференциясы биыл осындай тақырыпта өтті. Кеңеске білім саласы мамандары және өзге де сала өкілінен, жалпы саны  2300-ге жуық маман қатысты. Дәстүрлі жиында биыл білім саласын цифрландыру, жаңа технологияларды тарту мәселесі көтеріліп отыр.
 Tulip Hall сарайының фоесі. Білім саласын жетілдіріп отырған ірі жобалар мен платформалар.
Биылғы тақырып – жаңа технологиялар, цифрландыру болса, Stem academia дәл осы қажеттілікті қанағаттандырады. Білім мекемелеріне жаңа жүйелерді орнатып береді. Қазақстан бойынша 3800-ден аса оқу орнын заманауи техникалық жабдықпен қамтыған.
 Мектепке дейінгі білім, орта, жоғары оқу, сапа, қолжетімділік, жаңа технологиялар. Бұлар жыл сайынғы дәстүрлі кеңестің күн тәртібінен түскен емес. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қоғамдағы маңызды құндылықты ұрпақ бойына сіңіру керек деді.
 Мерекеде бірқатар сала мамандары марапатталып, білім саласына қосқан үлесі үшін алғыс алды.
 Қазақстанның білім беру саласы биыл маңызды жетістікке қол жеткізді. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісі кеңейді. Қамту көрсеткіші 89,5 %-ға жетіп, балабақшалар ашылды. Ал орта білімде функционалдық сауаттылық бағыты алға шықты.

Енді 21 тамызда Астанада республикалық Саммит өтеді. Оған ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өңірлер бойынша бөлінісіне сәйкес Шымкент қаласынан 38 делегат барып, қатысады.