Президент Қасым-Жомарт Тоқвев халыққа жолдуында 2 миллион ірі қара және 3 миллионнан астам уақ мал санда бар, санатта жоқ екенін айтты. Мұны арнайы комиссия анықтапты. Мемлекет басшысы  мұндай қылмыстық әрекеттерге тосқауыл қою қажет екенін айтады. Сонымен қатар мұндай іспен айналысқан адамдарды жауапкершілікке тарту керек деді.


Жолдауда ауыл және мал шаруашылығы саласында бірқатар күрмеулі мәселе бар екені айтылды. Президент агроөнеркәсіп кешенін тікелей субсидиялау тәсілінен арзан несие беру тәсіліне біртіңдеп көшу – аса маңызды міндет екенін атап айтты. Ал жер телімдерін қайтару жөніндегі арнайы комиссия әкімдіктердің ауыл шаруашылығы алқаптарын конкурс өткізбей-ақ беру туралы екі мыңнан астам заңсыз шешім қабылдағанын анықтады.


 ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІ
-  Заңсыз алынып, пайдаланылмай жатқан жер оңтайландырылған рәсім бойынша  мемлекетке қайтарылуға тиіс. Ал, жерді пайдаланушы оған инвестиция салып, адал еңбек етіп жатса, жұмысқа бөгет жасамау керек. Сондай-ақ оның ауылды көркейтіп, тұрғындарға тұрақты жұмыс беріп отырғанын да ескерген жөн.


Ал Шымкенттік саясаттанушылар Президенттің халыққа жолдауынан кейін елдің әлеуметтік саяси ахуалы біршама жақсаратынын айтады.


 СӘКЕН МӘЖІНБЕКОВ – САЯСАТТАНУШЫ
-- соңғы өнім өндіретіндерге жеңілдіктер қарастыру, қазір ең маңызды мәселе дайын өнім өндіру саласы болып тұр. Одан кейінгі мәселе өндірістік,тау кен саласы барлық жан жақты қамтылды. Сонымен қатар ауылшаруашылық саласы. Ендібір үлкен мселе асылтұқымдымал шаруашылығымен айналысып жатырмыз деп қағазда бар шын жүзінде  жоқ. Қаншама мемлекеттен субсидия алып отырғандар айтылды. Осының барлығын қарастыпы зерделеп олардың жазаланатындары жазаланады деген сияқты.


 Президент жалпы, отандық бизнеске және шетел инвесторларына жол ашу – Үкімет пен барлық мемлекеттік органның міндеті екенін атап өтті. Бизнестің және инвесторлардың заңды қызметіне кедергі жасау аса ауыр құқық бұзушылық деп саналмақ.