Шымкентте сапасыз медициналық қызмет көрсеткен №13 және №2 емхана мемлекетке қайтарылды.


Олар 45 мыңнан аса адам тіркелген медициналық мекемелер 2021 жылы жеке кәсіпкерлерге сенімгерлік басқаруға берілген. Келісім шартқа сәйкес материалдық база жаңартылып, жөндеу жұмыстары жүргізілуі тиіс болған. Алайда, міндеттемелер толық орындалмаған. Сапалы медициналық қызмет көрсетілмегендіктен, емхана жұмысына науқастар да жиі шағымданған. Сондықтан осындай шешімдер қабылданып, емханалар мемлекетке қайтарылды. №13 қалалық емхана аккредиттеуден өтіп, қазір қажетті жаңа жабдықтар бюджет есебінен сатып алынды. Биыл Жыланбұзған елді мекенінде дәрігерлік амбулатория ашылды. Жалпы, қаладағы медициналық ұйымдардың 2023 жылмен салыстырғанда дәрілік заттармен қамтамасыз етілуі 3 есеге өсіп отыр.