«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм». Мемлекет басшысының маңызды құжатта басымдық берген бағыттарын жүзеге асыруға ардагерлер де үн қосты. Жолдауда көтерілген мәселелерге пікір білдіріп, ойларын ортаға салды. Алқа мәжіліске қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек те қатысты.


Кеңес отырысы баяндамадан басталды. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жолдаудағы негізгі басым бағыттарға тоқталды. «Соның ішінде экономиканы көтеру – елді дамытудағы басты драйвер болмақ»,-дейді ол.


КЕНЖЕХАН ТӨЛЕБАЕВ, АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
---Экономиканы дамыту үшін тек бюджетке қарап отыруға болмайды. Салық жүйесінде көп олқылықтар бар еді. Бізге қазір өндірілген өнімді терең өңдеу, өнімнің шикізат күйінде қалып қоймауына назар аудару қажет. Ауылшаруашылығын дамытуда арзандатылған несие беру ұсынысы айтты. Бұл - өте орынды көтерілген мәселе. Өндірілген өнімді өңдеу мен сату күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі. Қазіргі уақытта нарыққа бейімделу, бәсекеге қабілетті болудың маңызы зор. Сол себептен де биылғы Жолдауда экономиканың, қоғам мен мемлекет өмірінің сан саласы қамтылып отыр.


Қатысушылар тарапынан бірқатар ұсыныс, өзекті ой айтылды. Ардагерлер кеңесінің мүшесі Қанжігіт Сыздық өндірісті терең өңдеп, қосымша өнім шығаратын жағдайға жету қажеттігін тілге тиек етті.


ҚАНЖІГІТ СЫЗДЫҚ, АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ
---Жалпы бізде өнім шығару жөнінде тәжірибеміз бар. Қарапайым мысал бізде Сайрамда Кеңес өкіметінің кезінде шопандардың жип маторы бізден шығатын. Қазір бізде жоқ. Біз тек қана темір сататын болдық, көмір сататын болдық. Президент осыған аса мән берді. Енді өндіріс орындарын терең өңдеу оның қасынан қосымша өнім шығаратын салалардлы көбейту жөнін басты назарға алды. Елдің көкейінде жүрген мәселелер айтылды деп ойлаймын.


Жиынға ардагерлер кеңесінің мүшелерімен қатар, салалық ардагерлер ұйымдарының жетекшілері қатысты. Қала әкімінің орынбасары биылғы Жолдауда Әділетті Қазақстанды құру, жалпы халықтың әл-ауқатын жақсарту мәселелері қамтылғанын, ендігі ретте ел азаматтарына ұйымшылдық таныту қажет екенін айтты.