Бұрындары әскерге бару абырой саналатын. Қазір жастар армиядан қашып, іргесін аулақ салғанды жөн көреді. Ата-аналар да балаларын әскер қатарына жіберуге қорқады. Негізгі себеп - ондағы әлімжеттік. Мұны ескерген мемлекет басшысы: "Сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне армия басшылығы жауапты" - деді Жолдауда. Президент "Әскердегі әлімжеттік пен жас жауынгерлердің мезгілсіз қазасы, ескерусіз қалмауы тиіс.  Шара қолданып, оқыс оқиғалар алдын алу әрекеттерін жедел жасау қажет" деп, қадап айтты.


ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ:

Шымкенттегі 65 06 әскери бөлімі үшін сарбаздар қауіпсіздігі алғашқы орында. Келеңсіз жағдаят пен тәртіп мәселесін қадағалау үшін – әскери полиция, прокуратура, тергеу бөлімі ұдайы бақылау жүргізеді. Жауынгерлер күн сайын дене тексерісінен өтіп, арыз-шағымы тыңдалады.


ҒАНИЗАТ ӘБЕН, ЖЕДЕЛ МАҚСАТТАҒЫ БАТАЛЬОН КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, КАПИТАН
 – «Егер сарбаз әлімжеттік көрген жағдайда бөлімше командирі немесе взвод командирі сынды өзінің тікелей бағынатын командирлеріне барып баяндауға міндетті. Және сол командирлері тиісті шара қабылдайды»


ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ:

Әскери бөлім бақылау камераларымен толық жабдықталған. Кезекшілер бейне жазбаларды қадағалап, бөлім қауіпсіздігін кірпік қақпай күзетеді.


ДІНМҰХАММЕД САНАТҰЛЫ – ҚАТАРДАҒЫ ЖАУЫНГЕР
 – «Кезекшілікке жиырма төрт сағатқа түсемін. Тоғыз сағат отырамын. Ауысып-ауысып отырамыз. Үш адам ауысымда болады. Жағдай орын алса жедел кезекшіге баяндаймын, ол арнайы құзырлы органдарға баяндайды.»


Ел ішінде әскерге байланысты екіұшты пікір қалыптасқан. Бірі мұны парыз санаса, енді бірі – қарсы. Шымкенттіктер не дейді?

ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ:

--Ел басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында аталған мәселе айтылған жерде қалмай, олқылық оңалтылуы қажет деп жауаптыларға жауапкершілік жүктеді.