Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Кәсіптік білім беру саласына реформа жасау – айрықша өзекті мәселе.


 Оның айтуынша, бұл – экономиканың өсімін қамтамасыз ету және инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін аса қажет қадам. Мемлекет басшысының 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялау бастамасы көптің көңілінен шықты. Техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау – маңызды мәселе. Жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттауға мол мүмкіндік. Мемлекет басшысы адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керектігіне назар аударды,-дейді шымкенттік аға буын өкілдері.