Жыл сайын үлкен үмітпен күтетін ел Президентінің Жолдауы шымкенттік депутаттардың зор қолдауына ие болуда.  «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» деп аталған саяси мәнді құжатта сан саланы қамтылған өзекті мәселелер айтылды. «Әсіресе, әділетті қоғам құруда білікті мамандарды даярлау ісі кезек күттірмейтін іс», - дейді қалалық мәслихат депутаты Дария Қожамжарова.


Мемлекет басшысының Жолдауы еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Президенттің айтуынша, маман даярлауға берілетін мемлекеттік тапсырыс біртіндеп көбейтіледі және үздік университеттердің нақты сектормен байланысы нығаяды. Сондай-ақ ғалымдардың шетелдегі тағылымдамасын әншейін «академиялық туризмге»  айналдырмау керектігі де ескертілді.


Президент Жолдауында алдағы жұмыстың нақты бағыттарын айқындады. Халық тарапынан ерекше қолдау тауып отырған тұсы-ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою мәселесі. Осы арқылы азаматтардың қаржылық сауаты артады. Сондай-ақ, жеңіл өнерксіп саласын дамыту үшін бірқатар қиындықтар бар. Кедергілерді жою үшін кәсіпкерлерге субсидия беруді жетілдіру қажет.

ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІН АРТТЫРУ ҮШІН СУБСИДИЯ КӨЛЕМІ АРТПАҚ


Айталық, миллионды мегаполисте жеңіл өнеркәсіп саласының өндіріс көлемі 5 пайызға да жетпейді.


Президент Жолдауында еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру өте маңызды екеніне тоқталды. Атап айтқанда, экономиканы білікті мамандармен қамтамасыз ету үшін білікті мамандар даярлау керектігін атап өтті. Бұл бағытта елімізде шетелдің белгілі 23 жоғары оқу орны жұмыс жүргізе бастады. Оларға мейлінше қолдау көрсетіліп, саладағы сан түрлі проблемаға нүкте қойылмақ.