«Атом электр станциясы – апат көзі емес, озық технология қолданылып, әркім өз міндетін саналы, тәртіпті атқарса, онда ол таусылмас қуат көзі». Профессор Мәулен Әлімбетовтің сөзінше, дұрыс қолдана алмасаң қарапайым оттың өзі қауіпті.


Қазақстан уран қоры мен оны өндіру бойынша дүниежүзінде көшбасшы мемлекеттің бірі. Аса бағалы өнімді шикізат күйінде ғана сыртқа шығарудан оны кәдеге жаратқанымыз экономикалық әрі экологиялық тұрғыдан тиімді дейді, - ғалым.


МӘУЛЕН ӘЛІМБЕТОВ, ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ХИМИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР
Біз уран қорынан дүниежүзінде бірінші орын аламыз. Былтыр, 2023 жылы 12 мың тонна уран өндірдік, ол табиғи уран. Оны байыту қажет. 2,5 гегаватт энергия қолданатын Шымкентке мың мегаваттықтан 3 трубина орнатсақ жетеді. Шымкентті былай қамтамасыз ете алады. Ал енді мың мегаваттық реакторда бар болғаны 1,5-2 тонна уран қолданылады. Және ол 4-5 жылға жетеді. Ешқандай отход жоқ, таза, күл жоқ, түтін жоқ.


Мәулен Әлімбетов бұл пікірін шамамен қырық жыл бұрын баспасөз бетінде де жариялаған. Профессордың айтуынша, энергияға сұраныс күн санап артып жатқанда Атом электр станциясын салуды бастау қажет. Себебі елде, әсіресе оңтүстік өңірлерде қуат тапшылығы байқалып, энергия бағасы да екі есе қымбаттаған.


МӘУЛЕН ӘЛІМБЕТОВ, ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ХИМИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР
-Егерде осы жағдайда тұрсақ ,ертең 33-35 жылдары бізге электр энергиясы 30 пайыз жетпей қалады. Қайдан аламыз? Көміріміз таусылып жатыр, көп болса 70-80 жылға жетеді, мұнайымыз көп болса 100 жылға жетеді, газымыз көп болса 150 жылға жетеді. Содан кейін не істейміз? Болашақты ойлау керек. Сондықтан атом электр станциясы керек, халық оны түсінуі қажет.


Атом электр станциясы ел экономикасын көтеру үшін инвестор тартуда да рөлі күшті. Ірі шетелдік компаниялар мемлекетке 40-50 жылға дейінгі жоспарымен келеді. Олардың энергиямен толық қамтитын күшіміз болу қажет,- дейді мәслихат төрағасы.


БАХАДЫР НАРЫМБЕТОВ, МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ
-Біз электр энергиясын салмайтын болсақ, қазірдің өзінде тапшылық байқалып отыр. Алдағы уақытты ірі инвесторлар келмеуі мүмкін. Жақсы ниетке нақты жақсы қадамдар қажет. Соны бірі - АЭС салу. Оны салып бітем дегенше 4-5 жыл өтеді. Ал бізде энергия тапшылығы қазір байқалып отыр. Сондлықтан бізге кешігіп қалуға ешқандай құқғымыз жоқ.


Химия ғылымдарының докторы, профессор Мәулен Әлімбетов көрші Өзбекстанда да АЭС салынып жатқанын жеткізді. Сондықтан да бұл істі үрейленіп, кешіктіруге болмайды деп санайды. Замануи станция салу Жапония, Қытай,  Германия, Франция, АҚШ, Ресей мен Түркияда да дамығанын жеткізді.